"Қайрат" футболшысы супергол соқты

Алматылы? "?айрат" командасы "Астана" клубымен те? т?сті. ?аза?стан чемпионатыны? 10-шы турында?ы премьер-лига командалары арасында?ы матчты? есебі 1:1 болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматылық "Қайрат" командасы "Астана" клубымен тең түсті. Қазақстан чемпионатының 10-шы турындағы премьер-лига командалары арасындағы матчтың есебі 1:1 болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңартылған "Астана Арена" стадионында өткен кездесудің бірінші таймында алаң иелері бір гол жіберіп алды. Ойынның 35-ші минутында қонақтар командасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат 25-30 метр жерден қақпаны дәл көздеді.

Реклама
Реклама

"Астана" ойын соңында ғана есепті теңестірді. 87-ші минутта Срджан Граховац соңғы жеті ойын бойы тек жеңіспен келе жатқан командасын жеңілістен құтқарып қалды.

Осылайша, "Қайрат" "Астананы" жеті жеңістен кейін тоқтатты. Кахабера Цхададзенің шәкірттері 19 ұпай жинады, бұл турнир кестесінде көш бастап тұрған елордалық командадан төрт ұпайға аз. Оның үстіне "Астананың" өткізетін тағы бір ойыны бар.

Айта кетейік, "Қайрат" - осы маусымда жеңіліссіз келе жатқан жалғыз команда.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама