Қазақ футболының аңызы Тимур Сегізбаев дүниеден озды

Кеше, 15 желто?санда 76 жасында ?аза? футболыны? ж?не "?айрат" футбол клубыны? а?ызы Тимур Сегізбаев ?мірден ?тті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?ФФ баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Кеше, 15 желтоқсанда 76 жасында қазақ футболының және "Қайрат" футбол клубының аңызы Тимур Сегізбаев өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тимур Санжарұлы 1941 жылы Семей өңірінде өмірге келіп, футбол мектебін Алматыда тәмамдаған еді. 1958-1970 жылдар аралығында алматылық "Қайрат" сапында 200-ден аса ойын өткізді. 

Ол алматылық клубтың құрамында керемет ойынымен көзге түсіп, жанкүйерлердің жүрегін жаулап алған болатын. Халық мақтанышына айналған футболшының КСРО чемпионатында соққан голдары ел есінде мәңгі сақталды. Тарих беттеріне жазылған сол ойындардың бірі Мәскеуде өткен еді. Тимур аға сол күні жергілікті «Спартактың» қақпасына қос гол соғып, Қазақ футболының абыройын көкке көтерді. 

Реклама
Реклама

Тимур Санжарұлы - КСРО Спорт шебері, ҚазССР және ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы, Мемлекеттік спорт қайраткері, ҚР ҰОК-нің орден иегері.

"Қазақстан Футбол Федерациясы, футболшылар мен бапкерлер, ардагерлер мен төрешілер, барлық футбол қауымдастығы Тимур Санжарының тума-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады", - делінген естіртуде.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама