Қазақстан командалары қатысатын Еурокубок ойындары қай арналардан тікелей таратылады

Қазақстан командалары қатысатын Еурокубок ойындары қай арналардан тікелей таратылады

Шымкенттік "Ордабасы" мен иерусалимдік "Бейтар" және "Астана" мен Словенияның "Марибор" клубтары арасындағы ойындарды "Қазақстан" және "Кazsport" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан" ТРК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Ордабасы" мен "Бейтар" арасындағы кездесу 9 шілдеде Иерусалимде өтеді. "Кazsport" телеарнасы Астана уақыты бойынша 22.50-де ойынды тікелей эфирде көрсетеді, ал 10 шілде күні осы телеарнада сағат 10.00 және 22.00-де ойынның қайталауы болады. Айта кетейік, бұл қарсыластар арасындағы екінші матч болмақ. 2 шілде күні құрамалар Шымкентте өзара кездесу өткізген болатын. Матч 0:0 есебімен аяқталды.

14 шілдеде сағат 00.30-да "Қазақстан" ұлттық телеарнасы елордалық "Астана" мен Словенияның "Марибор" футбол клубтары арасында өтетін кездесуді тікелей эфирде көрсетсе, 15 шілдеде "Кazsport" телеарнасы сағат 10.00 және 22.00-де тікелей эфирде көре алмаған жанкүйерлер үшін ойынның қайталауын ұйымдастырады.

Реклама
Реклама
 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама