Қазақстан құрамасы Черногориядан ірі есеппен жеңілді

Футболдан 2018 жыл?ы ?лем чемпионатына іріктеу кезе?і аясында ?аза?стан ??рамасы Астанада Черногория еліні? футболшыларынан 0:3 есебімен же?іліп ?алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Астанада Черногория елінің футболшыларынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойынды Қазақстан құрамасы сәтті бастағанмен, жиі қателіктерге жол берумен болды. Сондай қателіктің бірін 31-ші минутта Марко Вешович оңтайлы пайдаланып кетті. Ол Давид Лориямен бетпе-бет шығып, гол соқты. Бірінші тайм аяқталғанша таразы басын теңестіруге мүмкіндік болғанымен, Исламбек Қуаттың баспен бағыттаған добы қақпа бағанынан қайтты.

Екінші тайм басында Қазақстан құрамасы ширақ бастағанымен, стандартты соққылардан Черногория елінің футболшылары сан соқтырып кетті. 53-ші минутта шабуылшы Фатос Бечирай, 63-ші минутта Марко Симич гол соқты. Айып соққысынан асырылған допқа бірінші жеткен ойыншыларға екі гол сәтінде де қорғаушылар жетіп үлгерген жоқ.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, топтағы келесі ойынын Қазақстан құрамасы сырт алаңда Польшаға қарсы өткізеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама