Қазақстан құрамасының ойыншысы еуропалық клубтың ең қымбат футболшысы атанды

Георгий Жуков. © ҚФФ

Краковтық "Висланың" жаңа ойыншысы, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков польшалық клубтың ең қымбат футболшысы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Краковтық "Висланың" жаңа ойыншысы, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков польшалық клубтың ең қымбат футболшысы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Transfermarkt.com мәліметінше, Жуковтың трансферлік құны - 1,2 миллион еуро. Осылайша, қазақстандық футболшы "Висланың" ең қымбат ойыншысы атанды.

Бұл тізімде екінші орында Польша құрамасының хавбегі Якуб Блащиковски тұр, ол миллион еуроға бағаланады. Үшінші орында жартылай қорғаушы Вулнет Баша, оның трансферлік құны - 750 мың еуро.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 25 жастағы Георгий Жуков бұған дейін алматылық "Қайраттың" намысын қорғаған болатын. Жартылай қорғаушы өз карьерасында бельгиялық "Беерсхот", голландиялық "Рода", ресейлік "Урал" және елордалық "Астана" сапында ойнаған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама