Қазақстан Соломон аралдарын ойсырата ұтып, футзалдан ӘЧ плей-офф кезеңіне шықты

© "Қазақстан" телеарнасының кадры

Футзалдан ?аза?стан ??рамасы Соломон аралдарын ойсырата же?іп, Колумбияда ?тіп жат?ан ?лем чемпионатыны? плей-офф кезе?іне шы?ты. Ойынды "?аза?стан" телеарнасы тікелей эфирде к?рсетті.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Соломон аралдарын ойсырата жеңіп, Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. Ойынды "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Матч 10:0 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб (9-шы және 22-ші минуттар), Дуглас (16-шы және 29-шы минуттарда) және Павел Таку (28-ші және 29-минуттар) дубль жасады, ал бір-бір голдан Александр Довгань (4-ші минутта), Лео (18-ші минутта), Илья Мун (29-шы минутта) және Николай Пенгрин (38-ші минутта) соқты. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қазақстан құрамасы турнирдің бірінші ойынында Аргентинадан 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. Ал екінші ойында Какаудың шәкірттері екінші кезеңде Коста-Рика құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Осылайша Қазақстан құрамасы алты ұпаймен Е тобында екінші орын алды. Бірінші орынды топта Аргентина құрамасы 7 ұпайымен алып отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама