Қазақстан-Түркия кездесуіндегі жанкүйерлердің жасаған "толқыны" видеоға түсірілді

©Youtube.com кадры

YouTube желісінде қазақстандық футболда құбылыс саналатын жағдай - Қазақстан мен Түркия арасындағы матчындағы жанкүйерлердің нағыз "толқын" жасаған сәті бейнеленген видео пайда болды. Бұл туралы Vesti.kz спорт сайты хабарлады. 

Видеоролик сипаттамасында "Қазақстан құрамасын Түркиямен қарсы ойында Алматы Орталық стадионыны түгелдей қолдады", - деп жазылған. Жанкүйерлердің Орталық стадионда жасаған бірнеше толқыны видео авторын да таңғалдырғанға ұқсайды. Түсіріп тұрған ол "Біздің де стадионда толқын болады екен-ау" деп, таңғалысын жасыра алмайды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, кеше, 12 маусымда Алматы қаласында өткен кездесуде футболдан Қазақстан құрамасы Түркиядан жеңіліп қалды. Есеп 0-1.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама