Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады

Сурет kff.kz сайтынан

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА рейтінгінде тоғыз саты жоғарылап, 118-орынға көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz отандық футбол федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты бүгін сүйінші сұрап, осындай ақпарат таратты. Қазақстан ұлттық құрамасы соңғы рейтингідегі орнымен салыстырғанда тоғыз саты жоғарылапты. "Бұл – ұлттық құрамамыздың соңғы бес жылдағы ең үздік көрсеткіші", деп жазды Қазақстан футбол федерациясы.

ФИФА-ның 13 наурызда жарияланған рейтінгінде Қазақстан ұлттық құрамасының 213 ұпайы болған. Ал бүгін, яғни 10 сәуірде жарияланған тізімінде 235 ұпайы бар екен.

Реклама
Реклама

Біздің құрама ТМД елдері ішінде Тәжікстан (133-орын), Қырғызстан (147-орын) және Түркіменстан (156-орын) футболшыларынан жоғары тұр. Ал көш басында – Испания (1460 ұпай), Германия (1340) және Португалия (1245) құрамалары.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама