Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Тәжікстаннан жеңіліп қалды

Фото ҚФФ сайтынан алынды

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Астанада жетінші рет өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі Президент кубогында төртінші орын алды, - деп хабарлайды  Vesti.kz спорт порталы.

Үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан футболшылары Тәжікстан құрамасынан матч соңындағы онбір метрлік пенальти сериясында 3:4 есебімен жеңіліп қалды. Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Кездесудің 23-минутында Кароматулло Саидов гол соғып, Тәжікстан құрамасы алға шықты. Қазақстан құрамасы таразы басын екінші таймда теңестірді, 53-минутта Әлбек Қасым онбір метрлік пенальтиді сауатты орындады.

Астана уақытымен 19:00-де басталатын финалдық кездесуде Испания мен Грузия құрамалары ойнайды. Бұл матчты тікелей эфирде мына жерден көре аласыздар.  

Реклама
Реклама

 

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама