Қазақстанда "Реал Мадрид" футбол клубының академиясы құрылуы мүмкін

© onlytour.ru

Шығыс Қазақстанда "Реал Мадрид" тәжірибесі бойынша жаттықтыратын футбол академиясы құрылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Орталықтың мәліметінше, ШҚО әкімі Даниал Ахметов испаниялық SOXNA компаниясының президенті Алсина Луиспен кездесуі барысында, компания басшысының ақпаратымен танысып, Өскемен қаласында қолданылып келе жатқан база 300 орындық футбол академиясын құруға қолайлы екенін жеткізді. Испаниялық мамандар бір апта көлемінде ойланып, өз ұсынысымызды айтамыз деп отыр.

"Академия іске қосылып, жұмыс істеген жағдайда, 100 адам облыстық спорт интернатынан іріктелініп алынса, 200 адамды испаниялық мамандар іріктейді. Сондықтан, біздің мамандар қойылатын талаптар мен қабылдау шарттарын үміткерлерге берулері тиіс", - деді Даниал Ахметов.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұл компания бүгінгі таңда "Реал Мадрид" футбол клубымен ұсынылған футбол мектептерін дамытушы кәсіпорын. Сонымен қатар, оның жаттықтырушылар тобында UEFA сертификатын иеленген білікті испаниялық мамандар жұмыс істеп жатыр. Осылайша "Реал Мадрид" қоры 60-қа жуық елде футбол академиясын құрған.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама