"Қазақстандық футболшылар қатты ішеді. Үйлері жиіркенішті" - "Оқжетпестің" бұрынғы ойыншысы

"Қазақстандық футболшылар қатты ішеді. Үйлері жиіркенішті" - "Оқжетпестің" бұрынғы ойыншысы Александар Чижиков. © "Оқжетпес" ФК

К?кшетаулы? футбол клубыны? б?рын?ы ?ор?аушысы украиналы? Александр Чижов "Халатный футбол" ба?дарламасында ?аза?станда ойна?ан кезін есіне алды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтыны? ?аза? б?лімі.

Көкшетаулық футбол клубының бұрынғы қорғаушысы украиналық Александр Чижов "Халатный футбол" бағдарламасында Қазақстанда ойнаған кезін есіне алды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

Чижиков Қазақстанда 2015 және 2016 жылдары өнер көрсеткен. "Оқжетпес" сапындағы екі маусымда ол премьер-лигада 56 матч өткізіп, екі рет гол салған, екі рет нәтижелі пас шығарып, 13 рет сары қағаз алған болатын.

Чижиковтың айтуынша, Қазақстанда оған стадиондар мен ойын алаңдары ұнамаған. "Қазақстанда футбол басқа, футболшылардың техникасы жақсы, бірақ, ойын алаңдары нашар. Украинада еуропалық стадиондар. Ал онда ескі алаңдар көп. Жуынатын жер де табылмай қалады. Орындықтарына 100 жыл болған. Сұмдық", - дейді футболшы. 

Реклама
Реклама

Ойыншы тұруға мәжбүр болған "жиіркенішті үй" туралы да айтып берді. "Үйлері сұрықсыз, расында. Көкшетау шағын қала. Пәтер жалдайтынымызды білетіндер бағаны әдейі көтеретін. Отбасыңмен келсең, қайда барасың? Қымбат - 800 доллардай болатын", - дейді ол. 

Сонымен бірге, ол матчтарға адамдардың тым аз келетініне налыды. "15 адам келсе жақсы. "Оқжетпес" қолаға таласқанда 3-4 мыңдай келген. Адам аз келеді, қазір бізде де солай", - деп атап өтті ойыншы. 

Чижиков қазақстандық футболшылардың ішімдік ішуі туралы да айтты. "Егер Украинада футболшылар көп ішеді десе, қазақстандықтардың қасында да тұрмаймыз. Егер онда адамдар ішуге отырса, болды соңына дейін кетеді, қатты ішеді", - дейді украиналық. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама