Қазақстандық үш футболшы FIFA 17 симуляторының жаңа нұсқасына енгізілді

?аза?станды? ?ш футболшы FIFA 17 симуляторыны? жа?а н?с?асына енгізілді, - деп хабарлайды KazSport.

Қазақстандық үш футболшы FIFA 17 симуляторының жаңа нұсқасына енгізілді, - деп хабарлайды KazSport.

Тізімге Александр Меркель, Георгий Жуков және Вилли Евсеев енгізілді. Олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш немістердің "Бохума" командасының жартылай қорғаушысында. Ойынды құрастырушылардың ойынша Меркельдің жалпы көрсеткіші 69-ды көрсеткен. Тағы бір жартылай қорғаушы Жуков бір сатыға төмен.

Айта кетейік, маусым басталар уақытта ол ресейлік "Урал" командасына ауысқан. Үшінші қазақстандық жартылай қорғаушы рейтингте 62-орынға жайғасқан. Евсеев немістердің "Нюрнберг" командасында өнер көрсетеді.

Реклама
Реклама


kazsport.kaztrk.kz

FIFA - 17 FIFA футбол ойындарының жиырма төртінші ойын нұсқасы. Ол Microsoft Windows, PlayStation 4, PlayStation 3, Xbox One және Xbox 360 платформаларына арналған. Тарихта бірінші рет Frostbite Engine жүйесінде шығып отыр. Ойынның басты бетінде "Боруссия" клубының және Германияның ұлттық құрамасының ойыншысы Марко Ройс бейнеленген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама