08 наурыз 2019 | 15:16

"Реал" жақын арада Моуриньюмен келісімшартқа отырады

Мадридтік "Реал" 10 наурызда португалиялық бапкер Жозе Моуриньюмен келісімшартқа отырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz испаниялық AS газетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мадридтік "Реал" 10 наурызда португалиялық бапкер Жозе Моуриньюмен келісімшартқа отырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz испаниялық AS газетіне сілтеме жасап.

Дереккөздің ақпараты бойынша, клуб басшылығы Моуриньюдің агентімен келіссөз жүргізген. "Реалдың" президенті Флорентино Перес қазіргі бапкер Сантьяго Солариді тезірек қызметінен босатпақ. Перес Испания чемпионатының 27-турында "Вальядолидке" қарсы ойында Соларидің бапкер болғанын қаламайды.

Реклама
Реклама

AS мәліметіне сүйенсек, "Реал" командаға Зинедин Зиданның оралғанын қалаған. Бірақ француз бапкерін бұл ұсыныс қызықтырмаған.

Бұған дейін британиялық The Telegraph Моуриньюдің Мадридке оралу мүмкіндігі жоғары екенін хабарлаған еді. Еңбек келісімінің қанша жылға жасалатыны белгісіз.

Португалиялық маман "Реалда" 2010-2013 жылдар арасында жұмыс істеген болатын.

Биылғы маусымда "Реал" Чемпиондар лигасы мен Испания кубогынан ұшып кетті. Сондай-ақ, ұлттық чемпионатта үшінші орында келеді. Команда көш басындағы "Барселонадан" 12 ұпайға қалып тұр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная