"Реал" мен "Ливерпуль" Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

"Реал" мен "Ливерпуль" Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты © REUTERS/Benoit Tessier

Чемпиондар лигасыны? ширек финалына бірінші болып мадридтік "Реал" мен "Ливерпуль" шы?ты. "Пари Сен-Жермен" мен "Порту" жарыстан шы?ып ?алды. 

Чемпиондар лигасының ширек финалына бірінші болып мадридтік "Реал" мен "Ливерпуль" шықты. "Пари Сен-Жермен" мен "Порту" жарыстан шығып қалды. 

ПСЖ "Парк де Пренс" аренасында "Реал Мадридті" қабылдады. Кездесудің 51-ші минутында испаниялық клубтың сұрмергені Криштиану Роналду есеп ашты. 66-шы минутта париждіктер екі сары қағаз алған Марко Верраттисіз ойынды жалғастырды. 71-ші минутта алаң иелерінің шабуылшысы Эдинсон Кавани есепті теңестірді. Алайда он минут өткенде қонақтардың сапында өнер көрсететін жартылай қорғаушы Карлос Каземиро есепті еселеді (2:1). Осылайша екі ойынның қорытындысы бойынша 5:2 есебімен "Реал ширек финалға шықты.  

 

Реклама
Реклама

"Ливерпуля" мен "Порту" арасындағы кездесу тең аяқталды. Бірінші ойында Юрген Клопп бастаған ұлыбрияниялық клубтың футболшылары қарсыластарын 5:0 есебімен тізе бүктіріп, Чемпиондар лигасының 1/4 финалына шықты. 

Чемпиондар лигасының финалы Киевтің "Олимпийский" стадионында өтеді. 

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама