"Реалдың" экс-жұлдызы Луиш Фигу Алматыға келді

Португалия футболшысы, "Реал" мен "Барселона" жартылай қорғаушысы Луиш Фигу Алматыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Португалия футболшысы, "Реал" мен "Барселона" жартылай қорғаушысы Луиш Фигу Алматыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал спортшы Instagram-аккаунтында битбоксшы Жалғас Сүлейменовтің өнер көрсетуін видеоға түсіріп, жариялаған. Ал жарияланым геолакациясында Алматы қаласы тұр. 

Футболшының аккаунтынан оның Медеу мұз айдынына барғанын білуге болады. Онда ол отқа жылынып, ақсерке балығын жеген. Таңертең спортшы қонақүй нөмірінің терезесінен тауға ашылатын көріністің суретін салған. 

Реклама
Реклама

Медеу тау шаңғы кешенінің парақшасында да Луиш Фигу, УЕФА президенті Александр Чеферин және "Қайрат" ФК бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаевтың суреті пайда болды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама