ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 24 қараша 2019 17:48
Ресей чемпионатында ойнайтын қазақстандықтың клубы бірінші матчта жеңіліс тапты
Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Акмаль Бахтияров өнер көрсететін "Сочи" футбол клубы "Уфамен" тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Акмаль Бахтияров өнер көрсететін "Сочи" футбол клубы "Уфамен" тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ресей премьер-лигасының 17-турының матчы бүгін, 24 қарашада өтті және 1:1 есебімен аяқталды. 25-минутта Ресей құрамасының экс-форварды Дмитрий Полоз "Уфа" құрамасын алға шығарды, бірақ алаң иелері 85-ші минутта есепті теңестірді, аргентиналық шабуылшы Андрес Вомбергар гол соқты.
Бұл ойында Бахтияров тізімге кірген, бірақ алаңға шықпады. Осы маусымда 21 жастағы футболшының активінде екі ойын бар.
Бұл "Сочидің" бас бапкері Александр Точилиннің отставкаға кеткеннен кейінгі алғашқы ойыны. Қазір құрама 14 ұпаймен соңғы, 16-орында тұр. Ал "Уфа" 19 ұпаймен 11-орында тұр.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу