27 мамыр 2022 | 23:03

Ресейлік блогер "Астананың" бұрынғы бас менеджерін әшкерелеп, елден кетті

© instagram/sava9

Танымал блогер, "КраСава" YouTube арнасының авторы және осы аттас футбол клубының президенті Евгений Савин қазіргі саяси жағдайға байланысты Ресейден кетті. Бұл туралы экс-футболшы "Честный клуб" сериясының сегізінші шығарылымында хабарлады, - деп жазады sports.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Танымал блогер, "КраСава" YouTube арнасының авторы және осы аттас футбол клубының президенті Евгений Савин қазіргі саяси жағдайға байланысты Ресейден кетті. Бұл туралы экс-футболшы "Честный клуб" сериясының сегізінші шығарылымында хабарлады, - деп жазады sports.ru.

"Украиналық спортшылармен шығарылымнан кейін және Украинамен соғысқа қарсы өзінің азаматтық ұстанымын білдіргеннен кейін "Красава" ФК президенті Савин Евгений елден кетті", - делінген видеода.

Савиннің айтуынша, сәуірдегі ойындардың бірінде оған Ресейге қолдау көрсететін баннерлер қоюды сұраған. Ол бас тартқан.

Реклама
Реклама

"Клубта олай жасаудан бас тартамыз дедім. Біз бұйрық бойынша патриотизм көрсетпейміз. Мен және менің клубым Ресей туын қашан және қай жағдайда желбірететінімізді өзіміз шешеміз..." - деді блогер.

Евгений Савин клуб өмірі туралы "Честный клуб" сериясының сегізінші шығарылымын танымал футбол агенттері Марко Трабукки ("Астананың" бұрынғы бас менеджері) мен Тимур Гурцкаяны әшкереледі.

Блогер шығарылымда "Динамо" тәрбиеленушісі Матвей Ивахновтың оқиғасын әңгімелейді. Ивахнов Еуропада ойнауды армандап, Трабукка мен Гурцкаяның клиенті болған.

Шығарылымның соңында Савин ФИФА-ға, сондай-ақ Латвия футбол федерациясының президенті Вадим Лещенкоға ішкі тергеу және қоғамдық сот ісін жүргізуді сұрап, Трабуккиді футбол қызметінен шеттетуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная