Роберт Левандовски тоғыз минутта бес гол соқты

"Бавария" бапкері Пеп Гвардиола. © eurosport

"Бавария" форварды Роберт Левандовски бірден Бундеслиганың бірнеше рекордын орнатты, ол тоғыз минуттың ішінде бес гол соқты. Мұндай ғажап жетістікке футболшы 22 қыркүйек күні "Вольфсбург" клубына қарсы өткізген матчта қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Поляк бес допты да екінші таймда ауысымға шығып соқты (51, 52, 55, 57 және 60 минутта), ол алаңға шыққан кезде клубы 0:1 есебімен ұтылып жатқан болатын. Левандовскидің әсіресе бесінші голы әдемі соғылды. 

Реклама
Реклама

Осылайша, футболшы Бундеслига тарихында ең жылдам пента-трик жасап, Бундеслига тарихындағы ең жылдам хет-триктің авторы атанды (3 минут 22 секунд), сонымен қатар, ол Германия чемпионатында ауысымға шығып, бес гол соққан алғашқы ойыншы болып отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама