Роберто Карлос аңызға айналған голының құпиясын ашты

Футболдан Бразилия ??рамасыны? б?рын?ы ?ор?аушысы Роберто Карлос 1997 жылы Франциямен жолдасты? кездесу кезінде айып добын ?алай сал?анын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболдан Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Роберто Карлос 1997 жылы Франциямен жолдастық кездесу кезінде айып добын қалай салғанын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Доп анығында қисық ұшқан еді, бірақ желдің әсерінен ол тура қақпаға қарай бет алды. Бұл ғажайып болды", - деп мәлімдеді Карлос. Оның бұл сөзін L'Equipe журналы келтіріп отыр.

Бразилиялық соққыға желдің әсері болғанын 20 жылдан кейін тұңғыш рет айтып отыр. Биыл Карлос мұндай голды жаттығу кезінде талмай еңбек еткенінің арқасында салғанын айтып қалған еді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2010 жылы ғалымдар ойыншының бұл соққысын зерттеп көрген еді. Зерттеу қорытындысы бойынша, ғалымдар футболшының допты қатты иіре тебуінің арқасында осылай соқты деген тұжырымға келген болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама