Роман Абрамович "Челси" футбол клубын сатып жіберді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

"Челси" туралы келісім жарияланды, клуб Роман Абрамовичтен жаңа иелеріне өтеді, - деп хабарлайды Sports.ru.

"Челси" туралы келісім жарияланды, клуб Роман Абрамовичтен жаңа иелеріне өтеді, - деп хабарлайды Sports.ru.

"Челси" футбол клубы растайды: Тодд Боэли (және оның Clearlake Capital компаниясы), Марк Уолтер және Хансьорг Висс бастаған жаңа меншік иелері арасында клубты сатып алу шарттарына қол жеткізілді", - делінген жұмада кешке жарияланған ресми мәлімдемеде.

Сатылым барлық келісім жасалған кезде, мамырдың аяғында аяқталады деп жоспарланып отыр. 

Реклама
Реклама

Жаңа иелері құйған инвестицияның жалпы сомасы - 4,25 миллиард фунт (4,9 миллиард евро). Ол екі бөліктен тұрады.

2,5 миллиард фунт - клубтың акциялары үшін төлем. Бұл - Абрамовичтің өзі алатын ақша. Ресейге байланысты саяси қысымға қатысты қазіргі жағдайда ақша ұлыбританиялық банк шотына түседі және Роман үшін қолжетімді емес. Қаражат алғашында жоспарланғандай қайырымдылыққа жіберіледі.

1,75 миллиард фунт - жаңа меншік иелері инвестицияға құйған сома.

"Челси" өкілі бұл ақша клубтың дамуына жұмсалатынын түсіндірді: қаржы стадионға, клуб академиясына, әйелдер командасына және басқа жобаларға салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама