Роналдиньоны қамауға алуға ордер берілді

Роналдиньоны қамауға алуға ордер берілді ©REUTERS

Парагвайдың бас прокуратурасы жалған төлқұжатты қолданғаны үшін футболшы Роналдиньоны тұтқындауға ордер берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парагвайдың бас прокуратурасы жалған төлқұжатты қолданғаны үшін футболшы Роналдиньоны тұтқындауға ордер берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Роналдиньо жалған жеке куәлік қолданды деп айыпталды, бас прокуратура оны қамауға алу ордерін берді және оны алдын ала қамауға алуды талап етеді", - деп хабарлады Парагвай бас прокуратурасы Twitter-де.

Еске салайық, жақында Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Парагвайда елге кіру кезінде жалған төлқұжат қолданды деген күдікпен ұсталды. Кейін 6 сағат жауап алынған соң ол босатылған болатын.

Жарнама
Жарнама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама