16 маусым 2018 | 11:52

Роналду хет-трик жасап, Португалияны әлем чемпионатындағы Испаниямен ойында жеңілістен құтқарды

Криштиану Роналду. Сурет: Reuters©

Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының "В" тобындағы екінші ойын аяқталды. Сочиде өткен Португалия мен Испания құрамалары арасындағы кездесу 3:3 есебімен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының "В" тобындағы екінші ойын аяқталды. Сочиде өткен Португалия мен Испания құрамалары арасындағы кездесу 3:3 есебімен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші таймда Португалия құрамасы 2:1 есебімен алда болатын. 4-ші минутта Роналду пенальтиді сәтті орындаса, 24-ші минутта Диего Коста асқан шеберлік танытып, таразы басын теңестірді. Үзіліске шығар алдында Роналду дубль жасап үлгерді.

Реклама
Реклама

Тартысты ойын екінші таймда да қыза түсті. 55-ші минутта Диего Коста да дубль жасап, "қызыл фурия" жанкүйерлерін қуантты. 3 минуттан кейін Начо алыс қашықтықтан теуіп, Португалия құрамасы қақпасына гол салды.

Ойын аяқталар тұста Криштиану Роналду айып соққысын орындап, есепті теңестірді. Сондай-ақ, португалялық ойыншы мундиальдағы үздік сұрмергендер көшін бастады.

Айта кетейік, бұл топтағы екінші ойында Иран құрамасы Марокконы 1:0 есебімен ұтып, 3 ұпаймен көш басына шықты.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная