Роналду "Ювентусте" рекорд жасады

Камила Долаева Журналист
Роналду "Ювентусте" рекорд жасады © REUTERS/Stefano Rellandini

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Туриндік "Ювентусте" рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Туриндік "Ювентусте" рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол Италия чемпионатының 13-турындағы СПАЛ-мен матчта көзге түсті. Роналду үшін бұл Турин клубындағы оныншы ойын - А сериясында сегіз және Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің матчтарында екі гол салған.

Осылайша, Роналду рекорд орнатты, өйткені "Ювентус" құрамында осындай қысқа мерзім ішінде он гол соққан ешкім болмады. 

Жарнама
Жарнама

Роналду мадридтік "Реалдан" "Ювентуске" жазда көшкен. Ол жылына 30 миллион еуро жалақы алады. Клуб оны 112 миллион еуроға сатып алған. Жаңа команданың құрамында Роналду алғашқы голды 16 қыркүйекте А сериясының төртінші турында "Сассуолоға" қарсы ойында соқты. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама