Дубайда Еуропалық клубтар қауымдастығы (ECA) мен Еуропалық футбол агенттерінің қауымдастығы (EFAA) ұйымдастырған Globe Soccer Awards марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
2019 жылдың үздік ойыншысы "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду атанды. Футболшы 34 жастағы Лионель Мессиді ("Барселона"), Вирджил ван Дейк пен Мохамед Салахтан (екеуі де - "Ливерпуль") озып кеткен.
Роналду Globe Soccer Awards жүлдесін осымен төртінші рет алып отыр. Ал жалпы футбол мансабында алтыншы рет жылдың үздік ойыншысы атануы.
2019 жылдың үздік клубы - "Ливерпуль". Клуб амстердамдық "Аякс" пен франциялық "Лионның"әйелдер командасынан озған.
Үздік бапкер марапатын Юрген Клопп ("Ливерпуль") иеленді. Оның басты қарсыластары - Эрик тен Хаг ("Аякс") пен Фернанду Сантуш (Португалия құрамасы) болды.
Мерсисайдтықтар сапынан бразилиялық Алисон Бекер жылдың үздік қақпашысы атанды.
2019 жылы "Ливерпуль" Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанып, УЕФА Суперкубогын иеленді, сондай-ақ клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.
Мадридтік "Атлетиконың" жартылай қорғаушысы Жоау Фелиш "Жыл жаңалығы" болды. Ол хавбек Анссумане Фати ("Барселона"), шабуылшы Эрлинг Холанд мен вингер Джейдон Санчодан (екеуі де - "Боруссия" Дортмунд) озған.
Әйелдер арасында "2019 жылдың үздік футболшысы" номинациясында англиялық Люси Бронз жеңіске жетті. Бұл жүлдеге Меган Рапино мен Алекс Морган (екеуі де - США) мен француз Амандин Анри.