Роналду пенальтиден гол сала алмай, тарихқа енді

Криштиану Роналду. Сурет: Reuters

Португалия ??рамасыны? шабуылшысы Криштиану Роналду 2018 жыл?ы футболдан ?лем чемпионатында пенальтиден гол сала алмай, тарих?а кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатында пенальтиден гол сала алмай, тарихқа кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Иран құрамасымен ойын топтық кезеңіндегі шешуші болды. Ойынның 53-ші минутында рефери видеоны көріп шыққан соң, пенальти бекітті. Алайда Роналдудың 11 метрден тепкен добын қақпашы ұстап үлгерді.

Реклама
Реклама

Осылайша, Роналду 11 метрден гол сала алмаған Португалия құрамасының 1966 жылдан бергі алғашқы ойыншысы болып отыр. Opta басылымының мәліметінше, бұл статистикаға матчтан кейінгі пенальтилер есепке алынбаған.

Иран мен Португалия құрамаларының кездесуі 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның 45-ші минутында Рикарду Куарежма гол салды, ал ирандықтар 90-шы минутта пенальти теуіп, Карим Ансарифард гол салды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама