14 мамыр 2021 12:16

Роналду Португалия чемпионатына оралуға дайын - БАҚ

Фото. ©REUTERS

"Ювентус" футболшысы Криштиану Роналду лиссабондық "Спортинг" құрамына оралуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ювентус" футболшысы Криштиану Роналду лиссабондық "Спортинг" құрамына оралуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости.

Роналду "Ювентус" құрамынан кеткісі келеді. Футболшының өзі бастапқыда "Реалға" оралғысы келген. Бірақ испан клубы бас тартып отыр. Cuatro басылымы мәліметі бойынша, шабуылшыны "Спортинг" құрамына қабылдауға ұсыныс білдірген және Роналду Лиссабон клубына оралу үшін "Ювентуста" алған жалақысының көп бөлігінен бас тартуға дайын.

"Спортинг" осы маусымда Португалия чемпионы атанды және Чемпиондар лигасында өнер көрсету құқығына ие болды. Ал "Ювентус" келесі маусымда Еуропаның басты турниріне қатыспауы мүмкін. Туриндық клуб А сериясындағы Чемпиондар лигасының аймағына әлі кірмеген.

Реклама
Реклама

Ел чемпионатындағы "Спортинг" жеңісіне арналған кеште Роналдудың анасы ұлын келесі маусымда Лиссабон клубына қайтару үшін бәрін жасауға уәде берген. 36 жастағы футболшының өзі Португалияға оралуға дайындалып жатыр және жеті миллион еуродан асатын Лиссабонда пентхаус сатып алған.

Роналду 12 жасынан "Спортинг" құрамасында 2003 жылға дейін өнер көрсеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram