Роналду "Реал" жанкүйерлеріне: Иттің балалары!

© Mturk Forum

Мадридтік "Реалды?" шабуылшысы Криштиану Роналду Испания чемпионатыны? 20-шы туры кезінде "Реал Сосьедад" командасымен ойын барысында ?зіне ?нама?ан жанк?йерлерді бала?аттады. Б?л туралы Sport.es порталы хабарлайды. 

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду Испания чемпионатының 20-шы туры кезінде "Реал Сосьедад" командасымен ойын барысында өзіне ұнамаған жанкүйерлерді балағаттады. Бұл туралы Sport.es порталы хабарлайды. 

Ойын барысында португалиялық ойыншы доптан айырылып қалған, осы кезде жанкүйерлер ысқырып, мазақтай бастаған. Жауап ретінде форвард испан тілінде "иттің балалары" деп ашуға булыққан. 

Командалардың ойыны Мадридтің "Сантьяго Бернабеу" стадионында өтіп, 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілген. Роналду екінші голдың авторы атанған, сонымен қатар ол бірінші голды салуға Матео Ковачичке доп шығарып берген. Кездесудің үшінші голын "Реал Сосьедад" қақпасына Альваро Мората салды. 

Реклама
Реклама

Осы кезеңде 31 жастағы Роналду "Реал" сапында 25 ойын өткізіп, 20 гол салған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама