Роналдудың жас көрінуінің құпиясы мәлім болды

Камила Долаева Журналист

Шабуылшы Криштиану Роналдумен мадридтік "Реал" клубында бірге ж?мыс істеген д?рігер Хуан Карлос Эрнандес ж?не "Манчестер Юнайтед" д?рігері Мик Клегг Португалия футболшысыны? жетістік ??пиясын б?лісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Calciomercato-?а сілтеме жасап.

Шабуылшы Криштиану Роналдумен мадридтік "Реал" клубында бірге жұмыс істеген дәрігер Хуан Карлос Эрнандес және "Манчестер Юнайтед" дәрігері Мик Клегг Португалия футболшысының жетістік құпиясын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Calciomercato-ға сілтеме жасап.

"Роналду жетістігінің үш құрамдас бөлігі: дұрыс жаттығу, тамақтану және дұрыс демалу", - дейді Эрнандес.

Клеггтің айтуынша, шабуылшының басқа футболшылардан басты айырмашылығы - мамандыққа деген махаббат. "Роналду жұмысына адал, міне құпия осы. Ол ешқашан жолында тоқтамайды", - деді дәрігер. 

Реклама
Реклама

2018 жылы шілдеде Роналду туриндік "Ювентуста" медициналық тексеруден өтті. Нәтижесі бойынша оның физикалық жағдайын 20 жастағы адамға теңеген. Спортшының ағзасында небәрі 7 пайыз май бар, ал негізінде бұл көрсеткіш орташа есеппен 10-11 пайыз. 

10 шілдеде Роналду "Реалдан" "Ювентусқа" ауысқан. Шабуылшы мадридтіктердің құрамында Чемпиондар лигасында төрт мәрте жеңіске жеткен және төрт рет "Алтын доп" (тағы бір үздік ойыншы үшін сыйлығын "МЮ" құрамасы үшін ойнағанда алған) сыйлығының иегері болған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама