20 маусым 2023 | 09:03

Сенсация! Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны ұтты

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ирландияны ұтты. Белфастта өткен ойында отандастарымыз 1:0 есебімен жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ирландияны ұтты. Белфастта өткен ойында отандастарымыз 1:0 есебімен жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Магомед Адиев жаттықтыратын ұлттық құрама қорғаныста мығым ойнады. Қарымта шабуылда жеңіске бастар жолды іздеді. Сондай мүмкіндікті 81 минутта алаңға шыққан Абат Айымбетов тудырды. Араға 7 минут сала алаң ортасында допты алып, шабуылды өзі аяқтады. Алаң иелері қорғаушыларынан сытылып шығып, жеңіс голын соқты.

Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде үшінші ойын қатарынан жеңіске жетіп, Еуропада сенсация жасауда. Бұған дейін қазақ футболшылары Дания мен Сан-Марино құрамаларынан 3 ұпайдан алған еді. Н тобында Финляндиямен бірге 9 ұпаймен үзеңгі қағыстырып келеді.

Келесі ойынын Қазақстан құрамасы 7 қыркүйек күні Финляндияға қарсы өткізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram