"Спортинг" футболшысы алмастырудан кейін орындықты талқандап, жылап қалды

"Спортинг" футболшысы алмастырудан кейін орындықты талқандап, жылап қалды © sports.fr

Лиссабонды? "Спортинг" ?ор?аушысы Фабио Коэнтрау Португалия чемпионатыны? матчында "Витория Сетубал" командасына ?арсы ойында ?зін ?зге ойыншымен алмастыру бол?аны ?шін ?атты ашуланды, - деп жазады Vesti.kz.

Лиссабондық "Спортинг" қорғаушысы Фабио Коэнтрау Португалия чемпионатының матчында "Витория Сетубал" командасына қарсы ойында өзін өзге ойыншымен алмастыру болғаны үшін қатты ашуланды, - деп жазады Vesti.kz.

Порталдың хабарлауынша, португалиялық футболшы ойыншыны алмастыру болғаннан кейін қосалқы ойыншыларға арналған орындықты талқандап, кейін сол жерге отырып, жылай бастаған.

"19 турдан кейін "Спортинг" 47 ұпаймен турнир кестесінде екінші болып тұр, ол "Портудан" бір сатыға төмен және бұл команданың қосалқы ойыны бар. "Сетубал" (14) соңғы орыннан бір саты ғана жоғары, ол 16-орында", - делінген жарияланымда.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, "Спортинг" Еуропа Лигасының 1/16  финалында "Астана" командасына қарсылас болады. Командалардың бірінші матчы елордада 15 ақпанда, қарымта ойын бір аптадан кейін Лиссабонда өтеді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама