ПОДЕЛИТЬСЯ
26 шілде 2020 | 14:51
Танымал футбол маманы Халимжан Ержанов дүниеден өтті
Танымал футбол маманы Халимжан Ержанов 56 жасында қайтыс болды. Оның неден көз жұмғаны айтылмады, - деп хабарлайды қостанайлық "Тобылдың" ресми сайты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Танымал футбол маманы Халимжан Ержанов 56 жасында қайтыс болды. Оның неден көз жұмғаны айтылмады, - деп хабарлайды қостанайлық "Тобылдың" ресми сайты.
"90-жылдардың соңында Халимжан Сағидоллаұлы "Тобылдың" ел чемпионатына қайта оралуы үшін үлкен жұмыс атқарды. Рас, біздің команданың көптеген табысы осы кісінің есімімен тығыз байланысты, оның ішінде біріншіліктің жалғыз алтыны бар.
Соңғы жылдары Халимжан Ержанов "Орталық" стадионында лауазымды қызметтер атқарды", - делінген клубтың хабарламасында.
Айта кетейік, Ержанов павлодарлық "Ертістің" директоры болып, Ұлттық футбол лигасын басқарған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также