18 тамыз 2019 | 14:56

"Тараз" футболшысы жанкүйерлерден кешірім сұрады

Сурет "Тараз" футбол клубының сайтынан

"Тараз" футбол клубының легионері Дантас Еливелто ҚПЛ 23-ші айналымында «алматылық «Қайратпен» өткен ойын туралы өз ойымен бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz клуб сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Тараз" футбол клубының легионері Дантас Еливелто ҚПЛ 23-ші айналымында «алматылық «Қайратпен» өткен ойын туралы өз ойымен бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz клуб сайтына сілтеме жасап.

"Осы ойында барымызды салдық, көптеген шабуылдар ұйымдастырдық және гол салуымыз керек еді. Өкінішке орай пенальтиде мүлт кеттім, сол себепті жанкүйерлерден шын жүректен кешірім сұраймын", - деп жазады клуб сайты Дантас Еливелтоның сөзін.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Тараз қаласында өткен ойын 2:0 есебімен "Қайрат" пайдасына шешілді. Ойынның 59-шы минутында Адеринсола Эсеола есеп ашты. Үш минут өте, "Тараз" есепті теңестіруге мүмкіндік алды. 11 метрлік айып добын орындау кезінде Эливелто қақпадан биік тепті.

71-ші минутта Бауыржан Исламхан есепті еселеді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная