29 тамыз 2021 | 11:25

"Тілі тартылып қалған". Ресейде футболшы матч үстінде қаза тапты

28 тамызда Ресейде "Балтика-М" мен "Красная Звезда" командалары арасындағы матч кезінде қақпашы Александр Шишмарев қаза болды. Дәрігерлер футболшыны құтқаруға бір сағат талпынғанымен, ол көмектеспеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

28 тамызда Ресейде "Балтика-М" мен "Красная Звезда" командалары арасындағы матч кезінде қақпашы Александр Шишмарев қаза болды. Дәрігерлер футболшыны құтқаруға бір сағат талпынғанымен, ол көмектеспеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Калининград футбол федерациясының басшысы Александр Гвардис қайғылы жағдай туралы айтты. Куәгердің сөзінше, жас футболшы Александр Шишмаревтың өліміне бассүйек ми жарақаты себеп болған жоқ.

"Бәріміз үшін қайғылы жағдай. Шишмарев допқа шыққан сәтте "Балтика" ойыншысымен соқтығысып, нәтижесінде сәтсіз құлады. Алдын ала мәліметтер бойынша тілі тартылып, тұншығып қалған.

Реклама
Реклама

Бұл бассүйек ми жарақаты емес. Алаңға жедел жәрдем 15-25 минут ішінде келді", - деді ол "Спорт-Экспресске".

Гвардис қаза тапқан футболшының туыстарына көңіл айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная