Түркиялық клуб футболшылардың орнына ешкілерді сатып алды

© Cnnturk

Түркиялық "Гулспор" клубы жастар құрамасының 18 ойыншысын сатып, олардың орнына он шақты ешкі сатып алған, - делінген Twitter желісіндегі Tribune Dergi аккаунтында жарияланды.

Дереккөз мәліметінше, клуб басшылығы сүт сатып бес мың түркиялық лир (727,8 еуро) табыс таппақшы. Түскен табыстың барлығы клубтың шығындарына жұмсалады.

"Гулспор" президенті Кэнан Бьюклебеб CNN арнасына берген сұхбатында, бұл әрекетке команда үшін барғанын айтады. "Бізде табыс мол болады. Команда үшін істедік, сондай-ақ елге де пайдамыз тиеді", - деді ол.

Реклама
Реклама

18 футболшыны сатудан 15 мың лир (2,2 мың еуро табыс түскен). "Гулспор" Түркияның ең төменгі дивизиондарында өнер көрсетеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама