ПОДЕЛИТЬСЯ
24 наурыз 2021 | 09:27
Түркістанның экс-әкімі құрған футбол клубы таратылды
Түркістан облысында "Темірлан" футбол клубы жұмысын тоқтатты. Команда 2020 жылдың басында құрылған. Клуб Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылы атынан өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Былтыр команда Шайзидин Кенжебаевтың жетекшілігімен екінші лигада дебют жасап, өз тобында екінші орын алған. Бір кездері "Темірлан" ҚПЛ-да облыс орталығының атынан шығу үшін Түркістанға көшуге үміткер ретінде де қарастырылған.
"Команданың негізін қалаушы сол кездегі Ордабасы ауданының әкімі, Түркістанның экс-әкімі және облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Әліпбек Өсербаев былтыр сәуірде қайтыс болды. Ордабасы ауданының жаңа басшылығы мен депутаттарына кәсіби клуб қажет болмай шықты. Билік балалар мен жасөспірімдер футболына және ұлттық спорт түрлеріне баса назар аударуды ұйғарды", - делінген хабарламада
Қазіргі уақытта ҚПЛ-да "Тұран" өнер көрсетеді, бұған дейін ол "Арыс" деп аталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также