ПОДЕЛИТЬСЯ
09 шілде 2021 | 10:34
УЕФА Англияға қарсы тәртіптік іс қозғады
Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы Англия мен Дания құрамалары арасындағы EURO-2020 матчінің қорытындысы бойынша тәртіптік іс ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы Англия мен Дания құрамалары арасындағы EURO-2020 матчінің қорытындысы бойынша тәртіптік іс ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.
Англия футбол қауымдастығына жанкүйерлер лазер таяқша қолданғаны үшін, Дания әнұранын орындап жатқанда жанкүйерлердің орынсыз әрекеті мен трибуналарда пиротехника қолданғаны үшін айып тағылды.
УЕФА бақылау-этикалық және тәртіптік инстанциялары (CEDB) Дания қақпашысы Каспер Шмейхельді қарсыластары қақпаға айып добын соғу кезінде лазер сәулесін көзіне шағылыстырып, кедергі келтірген ағылшын жанкүйерлеріне де қатысты істі қарап жатыр.
Ағылшын Гарри Кейн қосымша уақытта 11 метрден соққы жасауға дайындалып жатқанда Дания құрамасының қақпашысының бетіне белгісіз біреу лазер жаққаны атап өтілді. Оған қарамастан, Шмейхель соққыға тойтарыс бере алды.
Еске салайық, Англия тарихта алғаш рет футболдан Еуропа чемпионатының финалына шықты. 2020 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финал матчінде Англия құрамасы Данияны жеңді. Лондондағы Уэмбли стадионында өткен ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также