07 қыркүйек 2021 14:05

УЕФА жанкүйерлер үшін жаңа ереже қабылдады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) коронавирус пандемиясына байланысты көрерменнің матчке кіруіне қойылған шектеулерді алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі УЕФА сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) коронавирус пандемиясына байланысты көрерменнің матчке кіруіне қойылған шектеулерді алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі УЕФА сайтына сілтеме жасап.

Жанкүйерлер енді ойын өтетін елдің ережелеріне ғана бағынады.

"Жанкүйерге УЕФА жарыстарының матчтеріне кіруге тыйым салынбайды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бірақ шешім тиісті ұлттық және жергілікті билік органдары талабына байланысты болатыны айтылды.

Сонымен қатар, УЕФА бұдан былай көрерменге билеттерді айырбастауға тыйым салынбайтынын хабарлады. Осылайша, стандартты тәжірибе қалпына келтіріледі. Оған қоса стадионның жалпы рұқсат берілген сыйымдылығының 5 пайызы жанкүйер үшін сақталатыны да айтылды.

Еуропаның Football Supporters Europe (FSE) жанкүйерлер тобы УЕФА шешімі Чемпиондар Лигасы, Еуропа Лигасы мен Конференциялар Лигасы матчтеріне, сондай-ақ ұлттық командалардың ойындарына қатысты екенін түсіндірді. FSE мәліметінше, ереже келесі аптадан бастап күшіне енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram