УЕФА-ның жаңа турнирі: қазақстандық клубтардың қарсыластары белгілі болды

УЕФА-ның жаңа турнирі: қазақстандық клубтардың қарсыластары белгілі болды Фото: "Астана" ФК

Қазақстандық клубтардың футболдан биыл алғаш рет ұйымдастырылатын УЕФА Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық клубтардың футболдан биыл алғаш рет ұйымдастырылатын УЕФА Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Конференция лигасының іріктеуіне Қазақстаннан үш клуб қатысады - елордалық "Астана", қостанайлық "Тобыл" мен қарағандылық "Шахтер". Үш команда да турнирді екінші іріктеу кезеңінен бастайды. 

"Астана" бұл кезеңде грекиялық "Арис" командасымен кездеседі. 

Реклама
Реклама

Ал "Тобылдың" қарсыласы хорватиялық "Хайдук" клубы болады. "Шахтер" румыниялық "Стяуамен" күш сынасады.

Айта кетейік, Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчтері 22 шілдеде, қарымта ойындар 29 шілдеде өтеді. 

Еске салайық, кеше алматылық "Қайраттың" Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болған.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама