08 қараша 2018 | 22:07

УЕФА президенті Луиш Фигудың Алматыға не үшін келгенін айтты

© fckairat.com

УЕФА президенті Александр Чеферин Луиш Фигумен бірге Алматыдағы сапары жайлы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

УЕФА президенті Александр Чеферин Луиш Фигумен бірге Алматыдағы сапары жайлы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Онымен бірге Қазақстанға УЕФА бас хатшысы Теодорис Теодоридис және УЕФА ұлттық ассоциациялар департаментінің директоры Зоран Лакович келді. Олар "Қайрат" футбол клубының инфрақұрылымымен танысты. Сегізбаев атындағы жастар академиясындақонақтарға жас "қайраттықтардың" қандай жағдайда футболмен айналысып жатқанын көрсетті. 

Реклама
Реклама

Спорттық базада Чеферин мен Фигу футбол алаңдарының сапасына разы болды. 

"Алматы - тамаша қала. Мен тәнті болдым, қаланы толық көру үшін міндетті түрде осында қайтып келемін. Осындай инфрақұрылым жасағаны үшін Қайрат Боранбаевқа алғысым шексіз. Деңгейі тым жоғары. Осындай деңгеймен болашақта жоғарғы санатты футболшылар да өнер көрсетуі ғажап емес. "Қайратты" еуропалық үздік қандай клубпен салыстыруға келетінін айту қиын. Сөзсіз, клубтың деңгейі жоғары", - деді Чеферин. 

Сонымен қатар, қонақтарға Қазақстанда бірінші ашылған BlindFootball жобасы таныстырылды, онда көзі дұрыс көрмейтін адамдардың футбол ойнауға мүмкіндік жасалған. "Қайрат" тарихи музейі үшін футбол жұлдыздары өз есімдерін жазып, қолтаңбасын қалдырды. 


"Қайрат"  ФК баспасөз қызметінен

Осыған дейін, Португалия футболшысы, "Реал" мен "Барселона" жартылай қорғаушысы Луиш Фигу Алматыға келгені туралы хабарланды. Танымал спортшы Instagram-аккаунтында битбоксшы Жалғас Сүлейменовтің өнер көрсетуін видеоға түсіріп, жариялаған. Ал жарияланым геолакациясында Алматы қаласы тұр. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная