25 ақпан 2022 | 16:49

УЕФА Санкт-Петербургті Чемпиондар лигасының финалын өткізу құқығынан айырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:facebook.com/ChampionsLeague

Еуропа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) Украинадағы оқиғаларға байланысты Санкт-Петербургте жоспарланған Чемпиондар лигасының финалы өтетін орынды ауыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі УЕФА сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еуропа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) Украинадағы оқиғаларға байланысты Санкт-Петербургте жоспарланған Чемпиондар лигасының финалы өтетін орынды ауыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі УЕФА сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің финалдық кездесуі 28 мамырда Санкт-Петербургтегі "Газпром Аренада" өтуі керек еді. УЕФА Атқару комитетінің шешімі бойынша, ойын сол күні Париждің солтүстігіндегі Сен-Дениде орналасқан "Стад де Франс" стадионында өтеді.

"УЕФА Атқарушы комитеті 2021/22 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының финалын Санкт-Петербургтен Сент-Денидегі "Стад-де-Франс" стадионына көшіру туралы шешім қабылдады. Ойын жоспарланғандай 28 мамырда, сенбіде өтеді. Ойын сағат 21-де басталады", - делінген УЕФА мәлімдемесінде.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная