12 наурыз 2020 09:04

"Ювентус" футболшысы коронавирус жұқтырды

© EPA-EFE

Италиялық "Ювентус" футбол клубының 25 жастағы қорғаушысы Даниеле Ругани коронавирус жұқтырды. Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлім етті, - деп хабарлайды Eurosport

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италиялық "Ювентус" футбол клубының 25 жастағы қорғаушысы Даниеле Ругани коронавирус жұқтырды. Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлім етті, - деп хабарлайды Eurosport

"Даниеле Руганидің сынамасы оң нәтиже көрсетті. Қазір вирус ешқандай белгісіз өтіп жатыр. "Ювентус" қазіргі уақытта заңға сәйкес барлық қауіпсіздік шарасын жасап жатыр, енді ойыншымен араласқан адамның бәрін тізімге алады", - делінген хабарламада.  

Реклама
Реклама

Даниэле Ругани - италиялық футболшы. Кәсіпқой карьерасын 2013 жылы "Эмполи" сапында бастаған. "Бьянконери" құрамында 2015 жылдан бері ойнап келеді. "Ювентуспен" бірге Италияның төрт дүркін чемпионы, Италия кубогы мен Суперкубогының иегері, Чемпиондар лигасының финалисі атанған. Осы маусымда Ругани "Ювентус" сапында жеті матчқа қатысты. 

Бұған дейін А Сериясының барлық матчы коронавирусқа байланысты 3 сәуірге дейін тоқтатылған болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram