"Ювентус" шабуылшысы Дибала коронавирус жұқтырды

Пауло Дибала © REUTERS

"Ювентус" клубының шабуылшысы Пауло Дибала коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды РИА Новости

"Ювентус" клубының шабуылшысы Пауло Дибала коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды РИА Новости

Аргентиналық спортшы медициналық тексерістен өтіп, COVID-19 анықталды. 26 жастағы футболшыдан әзірше ауру белгілері анықталмаған. Дибала - коронавирус жұқтырған турин футбол клубының үшінші ойыншысы. Бұған дейін қорғаушы Даниэле Ругани мен хавбек Блез Матюиди коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. 

Дибала Instagram желісіндегі парақшасында сүйіктісі Ориана екеуінен коронавирус анықталғанын айтқан. 

Реклама
Реклама

"Қазір бізге жақсы жағдай жасалған. Қолдауларыңызға рахмет", - деді футболшы. 

Италия бес жетекші еуропалық лиганың арасында бірінші болып коронавирусқа байланысты чемпионаттың тоқтатылғаны туралы жариялады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама