27 тамыз 2021 18:20

"Ювентустың" бапкері Роналду кететінін растады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Туриндік "Ювентустың" шабуылшысы Криштиану Роналду клубтан кеткісі келеді. Бұл туралы команданың бас бапкері Массимилиано Аллегри мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Туриндік "Ювентустың" шабуылшысы Криштиану Роналду клубтан кеткісі келеді. Бұл туралы команданың бас бапкері Массимилиано Аллегри мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен кеше Криштианумен сөйлестім. Ол "Ювентуста" қалғысы келмейтінін айтты. Ол бүгін таңертең жаттығуға келмеді", - деп жазды Sky Sport Italia Аллегриге сілтеме жасап.

Бұған дейін БАҚ-та ағылшынның "Манчестер Ситиі" 36 жастағы Роналдуға екі жылға келісімшарт ұсынғаны хабарланған болатын. Клуб Роналдуға жылына 15 миллион еуро жалақы ұсынған.

Реклама
Реклама

Бұған дейін футбол трансферлеріне маманданған италиялық журналист Фабрицио Романо Криштиану Роналду клубтан кетуді ұйғарғанын мәлімдеген болатын.

"Расталды. Криштиану Роналду "Ювентустан" кетуге түпкілікті шешім шығарды және клуб басшылығынан өзін босатуын сұрады", - деп жазды ол.
 

Деректерге сәйкес, португалиялық футболшы базадағы сөреден заттарын да алып үлгерген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram