Жамбыл Көкеев "Қайсар" клубымен келісімшарт жасасты

© fcaktobe-fans.kz

?аза?стан ?лтты? ??рамасыны? б?рын?ы ойыншысы Жамбыл К?кеев маусымаралы? ?зілісте "?айсарды?" сапын толы?тырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан Ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Жамбыл Көкеев маусымаралық үзілісте "Қайсардың" сапын толықтырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кәсіпқой спорттағы мансабын 2005 жылы Алматының "Железнодорожник" командасында бастаған дарынды футболшы араға бір жыл салып, Ұлттық құраманың сапына шақырту алған болатын. Жамбыл Көкеев ТМД елдері арасында Англияның атақты "Уэмбли" стадионында гол соққан тұңғыш футболшы атанды.

"Астана", "Алма-Ата", "Локомотив", "Шахтер" және "Қайрат" секілді командаларда доп тепкен. Алматылық ұжымның сапында жүріп ауыр жарақат алып қалған еді. Содан бері, өзінің деңгейіне көтеріле алған жоқ. Алдағы маусымды Қызылорданың "Қайсар" клубының сапында бастайды.

Реклама
Реклама

2006-2015 жылдары аралығында Қазақстан құрамасының жейдесімен 27 рет алаңға шығып, 2 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама