Зидан "Реалдан" кетеді - БАҚ

REUTERS/Susana Vera

"Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан Мадрид клубынан кетуді ұйғарды. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.  

"Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан Мадрид клубынан кетуді ұйғарды. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.  

Француз маман "корольдік клубтан" 2018 жылы Чемпиондар лигасында қатарынан үшінші рет жеңіске жеткеннен кейін кеткен болатын. 2019 жылы үзілістен кейін "Реалға" оралған Зидан клубпен бірге Испания чемпионаты мен Испания Суперкубогын жеңді.

Өткен маусымда мадридтіктер Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетіп, Ла Лигада екінші орын алды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін "Ювентустың" бұрынғы бас бапкері Массимилиано Аллегри "Реал Мадридте" Зиданның орнын басуы мүмкін деген ақпарат пайда болған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама