Зинедин Зидан "Реал Мадридтен" кететінін мәлімдеді

Фото: Reuters

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан ойыншыларға маусымның соңында командадан кететінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан ойыншыларға маусымның соңында командадан кететінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Goal мәліметінше, француз маманы бұл шешімін "Севильяға" қарсы матч (2:2) алдында жариялаған.

Бірқатар ақпарат көзіне сүйенсек, 48 жастағы маман психологиялық және физикалық күйзелістен шаршаған. Ол клубтың чемпион болған-болмағанына қарамастан командадан кеткісі келеді.

Реклама
Реклама

Зидан "Реал Мадридті" 2019 жылдың наурызынан бастап жаттықтырып келеді. Оның басшылығымен мадридтік клуб өткен маусымда Испания чемпионы атанған.

36 матчта 78 ұпай жинаған мадридтік клуб Испания чемпионатының турнир кестесінде екінші орында тұр. "Атлетико Мадрид" 80 ұпаймен көш бастап келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная