Златан Ибрагимович футболмен қош айтысуы мүмкін - БАҚ

Златан Ибрагимович. © smotrisport.tv

Д?рігерлер "Манчестер Юнайтед" клубыны? швед форварды Златан Ибрагимовичті? о? тізесіні? жара?атын аны?тады. Футболшы спортпен ?ош айтысуы м?мкін, - деп хабарлайды P-Спорт порталы Record басылымына сілтеме жасап.

Дәрігерлер "Манчестер Юнайтед" клубының швед форварды Златан Ибрагимовичтің оң тізесінің жарақатын анықтады. Футболшы спортпен қош айтысуы мүмкін, - деп хабарлайды P-Спорт порталы Record басылымына сілтеме жасап.

Ибрагимович Еуропа Лигасының ширек финалында бельгиялық "Андерлехт" клубымен қарымта кездесуде жарақат алған. Ойын барысында 35 жастағы швед оң аяғына сәтсіз қонып, тізесі ішке қарай бүгіліп кеткен. 

Реклама
Реклама


Ибрагимовичтің жарақат алған сәті. © AFP

Әдетте мұндай жарақаттан кейін қалыпқа келу үшін алтыдан тоғыз айға дейін уақыт керек. Ал Ибрагимовичтің жазда "Манчестер Юнайтед" командасымен келісімшартының уақыты аяқталады.  

Швед шабуылшы осы маусымда түрлі турнирде "Манчестер Юнайтед" командасының 46 матчына қатысып, 28 гол соқты. Бұл клубта ол 2016 жылдың жазынан бері ойнап жүр. Осы уақытта ол Лига кубогын және Англиялық Суперкубогын жеңіп алды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама