Златан Ибрагимович "Миланға" оралады

Златан Ибрагимович "Миланға" оралады Златан Ибрагимович. © Reuters

Швед футболшысы Златан Ибрагимович карьерасын италиялық "Миланда" жалғастырады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Швед футболшысы Златан Ибрагимович карьерасын италиялық "Миланда" жалғастырады, - деп хабарлайды РИА Новости.

The Telegraph мәліметінше, 38 жастағы форвард "россонеримен" еңбек келісімінің шартарын мақұлдасқан. Қарашада Ибрагимович MLS-те өнер көрсететін "Лос-Анджелес Гэлакси" клубымен келісімшартты үзген еді. Бұл клубта ол 2018 жылдан бері ойнаған. 

Бұған дейін италиялық БАҚ "Милан" Ибрагимовичтің оралғанын 15 желтоқсанда хабарлайтынын жазған еді. Сол күні миландық клубтың құрылғанына 120 жыл толады. 

Реклама
Реклама

Ибрагимович "Милан" сапында 2010-2012 жылдар арасында ойнап, 85 матчта 56 гол соққан. "Милан" сапында Италия чемпионаты мен Суперкубогын жеңіп алған болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама