Алматыда Мәуліт мерекесі тойланды
"Әбу Ханифа" медресесінің шәкірттері
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының құттықтау сөзі
Арнайы қонақтар
Осы мерекелік шараны тамашалуға келген жұрт Республика сарайына лық толды.
"Өнер қырандары" театрының мешіт салудың сауабы сынды тақырыпта қойған сахналық көріністері жамағаттың жүрегін елжіретіп, көзіне жас үйірді.
Дидар Қамиевтің орындауындағы "Ана қідірі" термесі де сарайға жиналған қауымды тебірентіп, анаға құрмет көрсетудің озық үлгісін паш етті.
Кеш барысында адамзаттың асылы болған пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтылып, дұға жасалды.
Суреттер muftyat.kz порталынан