1. Басты
  2. Қара
Реклама
Реклама

Алматылықтар сумен алысқан түн

Алматыда сәуірдің 28-не қараған түні толассыз жауған жауын салдарынан көптеген үй су астында қалды. Облыстық ТЖД мәліметінше, құбыр өткізгіштері

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, 23:15-де су көптеп келе бастаған.

Судың көп болғаны соншалық, тас қоршаулар да шыдас бермеген.

Реклама
Реклама

Үйдің иесі, Ауған соғысының ардагері Бақытқали Оразбайұлы түндегі су деңгейінің қандай болғанын көрсетіп тұр.

Бақытқали алғашында отбасын алып, қауіпсіз жерге кетпек болғанымен жиналған судан қақпаны аша алмағанын айтады. Кейін көршілері келіп, жабыла ашқан кезде көлік оталмай қалған. Осыдан кейін ол өз күшімен жертөледегі суды таңғы беске дейін тазалағанын айтады.

Бұл көшедегі 20 шақты үйдің барлығы дерлік осындай жағдайда.

Арнасына шығып кеткен мына бір кішкентай ғана тау өзені.

Көше тұрғындары былтыр өз қаржысына көшеге тасжол төсегенін айтады.

Ауласына су жиналып қалған тұрғындар амалсыз бетон қоршауын бұзуға мәжбүр болған.

Құтқарушылар жертөледегі суды тазалау үстінде.

Бұл үйдің тұрғыны Гүлнұр Сұлтанова жертөледегі тұрмыс техникасы мен жиһазының бүлінгенін айтып отыр.

Үй күзететін төбет иттің өзі де болған жайттан абдырып, үрер-үрмесін білмей тұр.

Әкімдік өкілдері тұрғындардың сұрағына жауап беріп тұр.

Бұл үйдің иесі Данаев Асхат та жиналып қалған судан құтылу үшін қоршауын бұзған.

Маңындағы көмекшілерімен бірге жертөлеге жиналып қалған лайды тазалап жатыр.

"Түнде далаға бір шықтым, жаңбыр қатты жауып жатыр екен. Бір зат алуға кіріп, бес минуттан кейін шыққанымда су деңгейі белден келіп тұрды. Қарасам иттерім суда жүзіп жүр", - дейді Асхат.

Құтқарушылар мен қатар жекеменшік кәсіпорындар да суды тазалаумен айналысып жатыр. Ақылы түрде, әрине.

Жертөледен сорып алған суды тасыған өзеннің арнасымен ағызып жатыр.

Материалды дайындап, суреттерді түсірген Манас Жантекеев